Мен, Сагынбекова Күлзейнеп Қожатаевна, АТҚжИТК колледжінің кітапханашысымын. Біздің колледждің маңызды құрылымдық бөлімдерінің бірі - кітапхана, ол оқу үдерісін кітапхана - ақпараттық жағынан қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар білім, мәдениет және рухани қарым - қатынас орталығы болып табылады.
Кітапхана қоры әмбебап сипатта:
Қорда ғылыми, оқу - әдістемелік, анықтамалық әдебиеттер, электрондық тасымалдағыштардағы оқу материалдары, нормативтік құжаттар, ақпараттық ресурстар, мерзімді басылымдар мен бейнематериалдар қамтылған. Жалпы көлемі - 250 - ден астам атау.
Кітапхана қоры туралы мәліметтер электронды, әліпбилік және жүйелік каталогтарда көрсетілген.
Қызмет көрсету құрылымы мен мүмкіндіктері:
- Компьютерлермен және көшіру құрылғысымен жабдықталған абонемент залы;
- Локальді желіге қосылған 10 компьютерден тұратын оқу залы.
Кітапхананың қызметін колледждің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері белсенді пайдаланады.
Кітапхананың басты мақсаты - оқуға деген қызығушылықты дамыту, кітап оқу мәдениетін қолдау және ақпараттық сауаттылықты арттыру. Қорымыз үнемі жаңартылып отырады, тақырыптық көрмелер мен түрлі мәдени - білім беру іс - шаралары өткізіледі.
Кітапханада «Кітапхана ісі» атты арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді. Оның көмегімен оқырмандар:
- ақпараттық сұраныстарын дұрыс қалыптастыруды;
- қажетті ақпаратты тиімді іздестіруді;
- алынған мәліметтерді талдауды;
- кітапхана ресурстарында еркін бағдарлауды үйренеді.
АТҚжИТК кітапханасы - білімге ұмтылған әрбір адам үшін ашық заманауи ақпараттық орта.
- Оқырманның құқықтары
Оқырман мынадай құқықтарға ие:
- кітапхана ұсынатын кітапхана - библиографиялық және ақпараттық қызметтерді пайдалану;
- кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпарат алу және ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңес алу;
- кітаптарды уақытша үйге немесе оқу залында пайдалану үшін алу.
- Оқырманның міндеттері
- кітапхана қорынан алынған кітаптарға ұқыпты қарау және оларды белгіленген мерзімде қайтару;
- кітаптарды алған кезде олардың жағдайын тексеру, ақау табылған жағдайда бұл туралы кітапханашыға хабарлау;
- кітап жоғалған немесе бүлінген жағдайда оларды дәл сондай басылыммен ауыстыру;
- егер ауыстыру мүмкін болмаса, жоғалған кітаптың құнын үш есе мөлшерде өтеу;
- колледжден шыққан жағдайда кітапханада тіркелген барлық құжаттарды қайтарып, кітапханадан шығу парағына қол қою.
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі - жұма: 9:00 - 17:00, сенбі және жексенбі - демалыс күндері
Санитарлық күн - айдың соңғы жұмыс күні.
Кітапханашы: Сагынбекова Күлзейнеп Қожатаевна
Тел.: 8 777 121 24 46