Біздің жетістіктер
- 2003 жылдың мамыр айында колледж командасы Алматы қаласы колледждер қауымдастығы ұйымдастырған спартакиадада волейболдан 2 - орын алды.
- 2006 жылдың желтоқсан айында Қаржы - экономикалық және құқық колледжінің хор ұжымы Алматы қаласы колледждер қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталды.
- 2009 жылдың сәуір айында 0201000 - «Құқықтану» мамандығының студенті Тұңғышбаева Айгүл Алматы қаласы колледждер қауымдастығы ұйымдастырған колледж студенттері арасындағы қалалық физика олимпиадасында 3 - орынға ие болды.
- 2014 жылдың мамыр айында «Алтын дастархан - 2014» аспаздық өнер байқауында колледж командасы «Тақырыптық кешкі ас» номинациясы бойынша қола медаль иеленді.
- 2015 жылдың наурыз айында 0201000 - «Құқықтану» мамандығының студенті Саркисова Марина Романовна Алматы қаласы колледждер қауымдастығы ұйымдастырған колледж студенттері арасындағы «Құқық негіздері» қалалық олимпиадасында 2 - орын алды.
- 2015 жылдың мамыр айында 0518000 - «Есеп және аудит» мамандығының студенті Чокамбаева Карина Ринатовна Алматы қаласы колледждер қауымдастығы ұйымдастырған «Көктем вальсі» байқауында 1 - орын алды.
- 2015 жылдың желтоқсан айында колледж командасы Алматы қаласы колледждер қауымдастығы ұйымдастырған V қалалық іскерлік экономикалық ойынында «Мен - кәсіпкермін» номинациясы бойынша 2 - орын иеленді.
- 2016 жылдың қаңтар айында 0516000 - «Қаржы» мамандығының студенті Тынышбаева Еркесара колледж студенттері арасында өткен VI қалалық ғылыми жұмыстар байқауында «Тұран үміті - 2016» номинациясы бойынша 3 - орын алды.
- 2016 жылдың мамыр айында 0516000 - «Қаржы» мамандығының студенті Каримова Мизангүл Абдрашитқызы Алматы қаласы колледждер қауымдастығы ұйымдастырған «Көктем вальсі» байқауында 3 - орын алды.
- 2016 жылдың қазан айында «Алтын Дастархан - 2016» аспаздық фестивалінде 1226000 - «Тамақтандыру мекемелері тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығының 1 - курс студенті Дидик Татьяна Анатольевна «Балық тағамы» номинациясы бойынша күміс медаль жеңіп алды. Өндірістік оқыту шебері Вайденова Аймгүл Омаровна «Асқабақ тағамы» номинациясында алтын медаль иегері атанды.
- 2016 жылдың қараша айында «Деларук 2016. Жаңа бағыт» II халықаралық гастрономиялық кубогында 1226000 - «Тамақтандыру мекемелері тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығының 1 - курс студенті Дидик Татьяна Анатольевна «Итальян тағамы» санатында 3 - орын және «Балық тағамы» санатында 2 - орын иеленді.
- 2017 жылдың қаңтар айында колледж командасы Мәскеуде өткен VI Жастар гастрономиялық фестивалінде «Дәстүрлерді жандандыру. Рождество» номинациясы бойынша Гран - при жеңіп алды.
- 2017 жылдың 3 - 5 мамыры аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен «Қазан - Мангал - 2017» Еуразиялық аспаздық фестиваліне колледж студенттері қатысты. Студент Манапхан Еламан «Қара жәшік» номинациясында 2 - орын иеленді.
- 2017 жылдың 15 қазанында өткен «Шеф Баттл 2017» халықаралық аспаздық фестивалінде біздің колледждің юниорлар командасы (Манапхан Еламан және Нұғманова Еңлік) 1 - орын алып, Юниорлар кубогымен марапатталды.
- 2017 жылдың 25 қазанында колледж командасы «КРЕНДЕЛЬ - 2017. Революциялық Блин Даш!» Бүкілресейлік студенттік аспаздық сайысында «Ең үздік сервировка» номинациясы бойынша 1 - орын жеңіп алды.
- 2018 жылдың 8 қыркүйегінде «Шеф Баттл BBQ 2018» IV Халықаралық аспаздық фестивалінде юниорлар командасы (Манапхан Еламан және Сұлтанбердиев Дидар) 2 - орын иеленді.
- 2018 жылдың 12 желтоқсанында Алматы қаласында өткен жастар форумында «Алматы қаласы - жайлы өмір үшін: мәселелер, жетістік құпиялары, әрекеттер» номинациясында студент Мұсаев Руслан 3 - орын, Нұрпейісов Әділ 2 - орын алды. Сонымен қатар, оқытушы Сағат Толғанай Қуанышқызы қоғамдық көлік саласындағы инновациялық жобасы үшін 2 - орын, ал оқытушы Мамыраев Максат Нұрсұлтанұлы зообақ реформасы жобасы үшін 3 - орын иеленді.
- 2019 жылы Нұрпейісов Әділ Алматы қаласы колледждер қауымдастығы ұйымдастырған VII өңіраралық ғылыми - тәжірибелік конференциясында «Технологиялық жаңғырту - ҚР жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы» тақырыбында 1 - орынға ие болды.
- 2019 жылдың 20 сәуірінде WorldSkills Almaty 2019 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатында Хамитова Нейла Равильевна мен Арьянова Вера Хасановна «Нан пісіру шеберлігі» номинациясында 1 - орын алды.
- 2019 жылы Хамитова Нейла Равильевна WorldSkills Almaty 2019 өңірлік жұмыс мамандықтары чемпионатында «Нан пісіру шеберлігі» номинациясы бойынша алтын сертификатпен марапатталды.
- 2019 жылдың 29 қарашасында 0518000 - «Есеп және аудит» мамандығының 322 - топ студенттері Нархоз университетінің экономикалық колледжі ұйымдастырған «Бизнес - болашақ тарихы: технологиялар, жастар, шығармашылық» атты зияткерлік ойында 2 жүлделі орынға ие болды.
- 2020 жылдың мамыр айында Исмағұлов Бексұлтан Мәскеуде өткен XIII Халықаралық жастар гастрономиялық фестивалінде «Дәстүрлерді жандандыру. Пасха» номинациясы бойынша 3 - орын алды.
- 2021 жылы WorldSkills Almaty 2021 аймақтық чемпионатында Ілияс Мұхтарбек «Нан пісіру шеберлігі» аталымында күміс медальға, ал Калимов Амангелді «Аспаздық іс» аталымында қола медальға ие болды.
- 2021 жылдың 22 қарашасында 2 - курс студенті Садықов Бейбарыс Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білімді жаңғырту орталығы» ұйымдастырған «Ғылым. Білім. Жастар.» республикалық ғылыми - тәжірибелік конференциясында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2021 жылдың қараша айында колледж командасы Алматы қаласындағы колледж студенттері арасында өткен «CyberCook» қалалық байқауында 1 - орын алды.
- 2021 жылдың 10 қарашасында біздің колледждің оқытушысы Асылзат Мұратханқызы Нұр - Сұлтан қаласының «Білімді жаңғырту орталығы» және «Басқару колледжі» ұйымдастырған «Ғылым. Білім. Жастар.» ғылыми - тәжірибелік конференциясының қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы конференция аясында студент Бурибай Мерей де ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
- 2021 жылдың 25 - 27 қарашасы аралығында Түркияның Анталья қаласындағы Antalya Expo көрме орталығында 2 - ші Халықаралық гастрономия фестивалі өтті. Осы байқауда Арьянова Вера «Ет тағамы» аталымында күміс медаль, «Десерт» аталымында алтын медаль жеңіп алды. Даукенова Еркежан «Тауық тағамы» аталымында қола, «Десерт» аталымында күміс медаль иеленді. Идриссова Назигум «Десерт» аталымында алтын, «Торт безендіру» аталымында қола медаль алды. Өндірістік оқыту шебері Бахтыбаева Жанна Бақытжанқызы «Балық тағамы» аталымында алтын, «Десерт» аталымында күміс медаль жеңіп алды.
- 2022 жылдың 21 қазанында 0508000 - Тамақтануды ұйымдастыру мамандығының 302 - топ, 3 - курс студенттері Алматы қаласындағы колледж студенттері арасында өткен «CYBER COOK» қалалық байқауында 1 - орын алды. Байқауды Алматы сервис колледжі ұйымдастырды.
- 2022 жылдың 17 - 20 қарашасы аралығында Түркияның Анталья қаласында GastroAntalya - 2022 халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті. Колледж өкілдері жоғары шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Студент Сүлейменов Нұрбек «Балық тағамы» және «Паста» аталымдарында күміс медаль, Жантаев Ілияс «Десерт» аталымында алтын медаль, Құрмаш Аслан «Балық тағамы» аталымында қола, «Ет тағамы» аталымында күміс медаль жеңіп алды. Өндірістік оқыту шебері Бахтыбаева Жанна «Паста» және «Десерт» аталымдарында алтын медаль, Манапхан Еламан «Ет тағамы» аталымында алтын, «Балық тағамы» аталымында күміс медаль иеленді.
- 2023 жылы WorldSkills Almaty аймақтық чемпионатында 3 - курс студенті Джабарова Ясмина Амуршаевна «Нан пісіру шеберлігі» аталымында 3 - орын алды.
- 2023 жылдың 12 мамырында колледж студенттері Алматы қаласы колледждері арасында өткен «Жаңа буын - жаңа мүмкіндіктер» ғылыми - теориялық конференциясына қатысты. 0513000 - Маркетинг мамандығының 3 - курс студенті Азаматова Әдина «Үздік жас ғалым» аталымында дипломмен марапатталды.
- 2023 жылдың 17 мамырында арнайы пәндер оқытушылары Бахтыбаева Ж., Аманбай Н., Несіпбаева Г. Алматы қаласы колледждері арасында өткен «Ұлттық тағамдарды жаңғырту» ұлттық тағамдар дайындау байқауына қатысты. Байқау нәтижесі бойынша колледж оқытушылары «Арт - стол» аталымында 1 - орын алды.
- 2023 жылдың 17 қазанында «Күз Festival» республикалық фестивалінің қорытындысы бойынша 2 - курс студенті Аркенов Расул Русланұлы «Көркем сөз» жанрында 1 - орын, 1 - курс студенті Мадихан Тоғжан Баяновна 2 - орын, 2 - курс студенті Жуков Никита Алексеевич «Бейнелеу өнері» жанрында 3 - орын алды.
- 2023 жылдың 21 қазанында колледж командасы Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапханасы ұйымдастырған «Қазақ елі осындай» патриоттық ән байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2024 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған «Тұғыры биік Қазақстан» қалалық байқауында - 1 - орын.
- 2024 жылдың 12 желтоқсанында Маслова Ангелина Даниловна «Цифрландыру дәуірінде жасанды интеллектті басқару және маркетинг жүйесіне интеграциялау мүмкіндіктері мен перспективалары» атты жыл сайынғы ғылыми - тәжірибелік конференцияда II дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2023 жылдың 15 - 18 қарашасында Түркияның Анталья қаласында өткен GastroAntalya - 2023 халықаралық байқауында Арьянова Вера («Десерт» - қола медаль), Адарич Ангелина («Десерт» - қола және күміс медаль), Трубач Изабелла («Десерт» - алтын медаль) марапатталды. «Паста» аталымында Женісов Нұрасыл күміс, Трубач Изабелла алтын медаль иеленді. «Ет тағамы» аталымында Сүлейменов Нұрбек алтын, Женісов Нұрасыл күміс медаль алды. «Балық тағамы» аталымында Сүлейменов Нұрбек қола медальға ие болды. Арнайы пәндер оқытушысы Арьянова Вера алтын медаль жеңіп алды.
- 2023 жылдың 7 желтоқсанында колледж командасы Алматы қаласы колледж студенттері арасында өткен волейбол жарысында 1 - орын алды.
- 2024 жылдың 14 ақпанында колледж командасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының тұлпары» қалалық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
- 2024 жылдың 9 ақпанында Алматы мемлекеттік бизнес колледжі ұйымдастырған «Нан - Фест» кәсіби байқауында 2 - курс студенті Ангелина Адарич 1 - орын алып, дипломмен марапатталды.
- 2024 жылдың 23 сәуірінде колледж командасы Алматы қаласы колледж студенттері арасында Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған республикалық жарыста 3 - орын алды.
- 2024 жылы WorldSkills Almaty аймақтық чемпионатында 2 - курс студенті Адарич Ангелина Александровна «Нан пісіру шеберлігі» аталымында 2 - орын алды.
- 2024 жылдың 24 қазанында Алматы қаласында Орталық кітапхана жүйесінің № 4 ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының күніне арналған «Жаса, мәңгі қыран елім Қазақстан» атты өнер байқауы өтті. Бұл байқауға біздің колледждің «Жалын» тобы қатысып, көрермендерді өз шығармашылығымен тәнті етті. Нәтижесінде «Жалын» тобы II дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2024 жылдың 28 қазанында Алматы қаласында «Бауырсақ Fest - 2024» атты бірінші республикалық және алтыншы қалалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ең хош иісті, алтын түсті, қытырлақ сыртқы қабаты бар және ішкі жағы жұмсақ бауырсақтардың көрмесі Сары - Арқа саябағында ұйымдастырылды. Алматы технологиялық колледжінің ұйымдастырушыларының арқасында «Бауырсақ Fest» дәстүрлі мереке ретінде өткізіліп келеді. Біздің оқытушыларымыз Анель Бейбітқызы мен Әсем Құрметханқызы дипломдармен марапатталды: Анель Бейбітқызы «Дәстүрлі бауырсақ» номинациясында 3 - орын, ал Әсем Құрметханқызы «Ши бауырсақ» номинациясында 2 - орын алды.
- 2024 жылдың 5 қарашасында біздің колледждің «Маркетинг» мамандығы бойынша 2 және 3 курс студенттері Нұрланқызы Белла, Бозқұрт Екатерина, Болда Денис, Худяков Даниил, Цой Евгений Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде өткен «Менің сүйікті мамандығым» блиц - ойынына үлкен мақтанышпен қатысып 2 - орынға ие болды.
- 2024 жылдың 6 - 8 қараша аралығында Шымкент қаласында өткен XIV Халықаралық «Дала рук - 2024» фестивалінде 404 топтың 4 - курс студенті, 10130300 - Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының білім алушысы Бурнашев Таир Асхатович келесі нәтижелерге қол жеткізді: «Стейк» бойынша - 1 - орын, «Паста» бойынша - 3 - орын, «Балық» бойынша - 3 - орын.
- 2024 жылдың 14 қарашасында Алматы қаласында «ҚазНҰР Гуманитарлық колледжі» ұйымдастырған қол күрес турнирі өтті. Бұл жарыста біздің колледждің 3 - курс студенті Жуков Никита Алексеевич тамаша нәтижелер көрсетіп, 2 - орынды иеленді.
- 2024 жылдың 14 - 17 қараша аралығында жыл сайынғы халықаралық «GastroAntalya - 2024» байқауы өтті. Өндірістік оқыту шебері Исмаилов Абзал Айқынұлы «Қазіргі заманғы ет тағамдары» компетенциясы бойынша алтын медальға, «Қара жәшік» компетенциясы бойынша күміс медальға және жүлдегер кубогына, ал «Балық» компетенциясы бойынша алтын медальға ие болды. Өндірістік оқыту шебері Сүлейменов Нұрбек Асхатұлы «Ет» компетенциясы бойынша қола медальға, «Қара жәшік» компетенциясы бойынша күміс медаль мен жүлдегер кубогына, ал «Балық» компетенциясы бойынша қола медальға ие болды. 07211300 - «Тағам өндірісінің технологиясы» мамандығының 3 - курс студенті Ажікенов Асылжан Есенұлы «Паста» компетенциясы бойынша қола медальға, «Балық» компетенциясы бойынша алтын медальға ие болды. 07210300 - «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығының 3 - курс студенті Адарич Ангелина Александровна «Паста» компетенциясы бойынша алтын медальға, «Қара жәшік» компетенциясы бойынша күміс медаль мен жүлдегер кубогына, ал «Десерт» компетенциясы бойынша қола медальға ие болды.