Құрметті қонақтар!
Сіздерді Алматы технологиялық - қаржы және инновациялық - техникалық колледжінің ресми сайтында көргенімізге қуаныштымын!
Біздің колледж - заманауи білім мен практикалық тәжірибені үйлестіре отырып, болашақ кәсіби жолыңызға берік негіз қалайтын білім ордасы. Біз өз тарихымыз бен дәстүрлерімізді мақтан тұтамыз және уақыт талабына сай үздіксіз дамып, жаңа бағыттарды игеріп келеміз.
Колледж миссиясы - экономика, құқық саласында және қызмет көрсету саласында ақпараттық технологияларды терең меңгерген, бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау.
Колледжіміз заманауи технологиялар, қаржы, инновациялар салаларында сапалы білім беруге, сондай - ақ студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді. Оқыту үдерісіне инновациялық әдістер енгізіліп, тәжірибелі әрі жоғары білікті оқытушылар құрамы студенттерімізге сапалы білім беруге дайын.
Сіздер біздің колледждің бір бөлігі бола отырып, тек білім алып қана қоймай, сонымен бірге өз болашағыңызға сенімділікпен қадам басасыздар деп сенемін. Біз сіздердің жан - жақты дамуларыңыз үшін барлық жағдайды жасаймыз және жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз.
Баршаңызға табысты оқу, шабыт берер жобалар мен зор жетістіктер тілеймін! Әр күніңіз - білім мен дамуға қарай жасалған жаңа қадам болсын!
Құрметпен,
Кунчаева Галия Чатаевна
Алматы технологиялық - қаржы және инновациялық - техникалық колледжінің директоры